Рамазан айы 23 наурызда басталады
Оразаның басталуына 10 күн қалды. Рамазан айы наурыздың 23-і басталып, 20 сәуірде аяқталады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дерегінше, Қадір түні 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түнге түсіп тұр. Ал пітір садақасының мөлшері адам басына 535 теңге. Түрлі себептермен ораза ұстай алмай қалғандар федиа садақасын беруге болады. Оның көлемі 1 күнге 3 мың теңге. Бүгін бас мүфти ораза кезінде кәсіпкерлерді азық-түлік бағасын 10 пайызға арзандатуға шақырды. Сондай-ақ, азаматтарды қайырымдылық жасауға үндеді.
Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:
Барша қауымға қасиетті айда арақ-шарап ішілмесе, дүкендерде сатылмаса, мүмкіндігінше құдай астар кешкі уақытта өткізілсе деген тілегімізді жеткіземіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28%-ға артты
20.07.2026, 14:57
Жезқазғанда «Metallurg Fest» фестивалі өтті
19.07.2026, 21:00
Теміртауда Металлург күніне арналған концертке 65 мың адам жиналды
19.07.2026, 20:30
Баянауылда заманауи «Сарыарқа сыры» визит-орталығы ашылды
19.07.2026, 18:15
«Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
18.07.2026, 20:10
ӘЧ: Бүгін түнде Франция мен Англия командалары ойнайды
18.07.2026, 20:07
4 теміржол вокзалы қайта ашылды
18.07.2026, 20:07
Металлургтер жарты жылда 258 миллиард теңгенің өнімін өндірді
18.07.2026, 20:06