Пітір садақаның мөлшері 370 теңге болып бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пітір садақаның мөлшері 370 теңге болып бекітілді

17.04.2020

Биылғы пiтiр садақаның мөлшері 370 теңге болып бекіді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері Рамазан айы қарсаңында өтетін дәстүрлі мәжілісте осындай шешiмге келдi. Пітір садақа көлемі ұнның республика бойынша есептегенде орташа нарықтық бағасымен шығарылды. Ал материалдық жағдайы бар азаматтар пітір садақаны мейіз немесе құрма құнымен бергені абзал дейдi мамандар. Айта кетейiк, биыл Рамазан айы 24 сәуірде басталады.

Ләйла ДУЛАТ


Хабарламаларға жазылу