Қытайдың Сицзян қаласында аспанға бір сәтте 1347 дрон көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Сицзян қаласында аспанға бір сәтте 1347 дрон көтерілді

03.05.2018

Қытайдың Сицзян қаласының аспанында 1347 дрон билеп жүріп, жарық түсіріп, әлемдік рекордты жаңартты. Олар әуеге бір сәтте көтеріліп, жерге 13 минут бойы түспеген. Салыстырып көрсек, биыл Кореядағы Қысқы Олимпиада кезінде Американың «Интел» компаниясы 1218 дрон ұшырған.  Сондықтан, бұл жарыста Құрама Штаттар бүгін екінші орынға түсіп отыр.

Айта кетсек, Қытай бүгінде озық технологияны дамытуға ерекше мән беріп, әлемдік деңгейдегі фирмалар құрып, шетелдің робот, дрон тәрізді өнімдеріне тәуелділіктен арылуға күш салып жатыр.

Арыстан РЫСБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу