Швейцарияда отқа жанбайтын дрон жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швейцарияда отқа жанбайтын дрон жасалды

05.07.2023

Швейцарияда жаңа дрон жасалды. Ол өртеніп жатқан ғимаратта немесе орманда қалып қойған адамдарды анықтауға арналған. Бұл технологияны өмірге әкелуге 2017 жылы Лондонда 72 адамның бір сәтте тілсіз жаудың құрбанына айналуы себеп болыпты.

Пилотсыз аппарат өртеніп жатқан жерге ұшып барып, қауіпті бағалап, құтқарушыларға дереу мәлімет бере алады. Оған мұндай жұмысты атқаруға ыстыққа төзімді камералары, оттегінің, газдың, удың деңгейін анықтайтын датчиктері көмектеседі. Сонымен қатар, бұл дрон отқа салса жанбайтын аэрогель материалымен қапталып, моторын, ішкі құрылымын салқындатып отыратын арнайы картриджбен жабдықталған.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу