Түркияда қарулы ер адам 4 академикті атып өлтірді

06.04.2018

Түркияның Эскишехир қаласындағы «Османгази» университетінің 4 қызметкерін олардың қарулы әріптесі атып өлтірген. Қаза тапқандардың арасында деканның көмекшісі мен факультет хатшысы бар. Оқ жаудырған адам ұсталды. Ол осы жоғары оқу орнында зерттеуші болып жұмыс істеген. Полиция оны «фетхуллахшылардың террористік ұйымына» қатысы бар деген күдікке алып отыр. Бұған дейін университет қызметкерлері білім беру саласы жетекшілігіне оқ атқан әріптестеріне қатысты  бірнеше мәрте шағым түсірген екен. Дегенмен, олардың бұл арыздарына ешкім құлақ аспаған.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу