Бішкек тұрғындары ағаштардың оталуына наразы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бішкек тұрғындары ағаштардың оталуына наразы

04.04.2018

Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте «Біз тұншығып жатырмыз!» деген ұранмен шеру өтті. Наразылық акциясына қатысушылар қаладағы ағаштардың көптеп оталуына қарсы. Олар жергілікті әкімшіліктен ауа сапасын нашарлатып жатқан құрылыс жұмыстарын тоқтатуды талап еткен. Жергілікті тұрғындар үлкен, сау ағаштардың оталуы адам тұратын аудандардың көркін кетіріп жатқанын айтып, шағымданып жатыр. Сонымен бірге, олар қала мэрі Албек Ибраимовтың қызметтен кетуін қалайтындарын мәлімдеді. Табиғат жанашыларының сөзінше, Бішкектің жасыл желекке толы бірнеше ұлттық паркі ағаштарды отаудың зардабын тартып отыр. Ал, қала билігі көлік кептелістерінен арылу үшін жолдарды кеңейту жоспарын былтыр мәлімдеген еді. Бұл үшін мыңдаған ағаш кесілуі қажет. Бұған тұрғындар қарсы шығып, сол кезде қала әкімі жоғарыдағы жоспарды кейінге қалдыруға мәжбүр болған еді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу