Өскеменде оталған орманнан өрт қаупі төніп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде оталған орманнан өрт қаупі төніп тұр

07.07.2015
Өскеменде оталған орманнан өрт қаупі төніп тұр

Өскемен тұрғындары орманшылардың қаланың іргесіндегі ең әдемі орындардың бірін астан-кестеңін шығарғанына наразы.

Шығыстың бас шаһарынан небәрі 20 шақырым қашықтықта орналасқан Таулы Үлбі деген жер тұмса табиғатымен ерекшеленеді. 

Бірақ, осыдан біраз уақыт бұрын мамандар «санитарлық тазалау» деген желеумен 2 гектардай аумақта өсіп тұрған самырсындарды кесіп тастапты. Ал, ағаштардың бұтақтарын жинамай кеткен. Жергілікті тұрғындар енді осы жерде өрт шығу қаупі жоғары, деп алаңдап отыр.

Тамылжыған сұлу табиғаттың көркін кетіріп, сұрқын қашырған мұндай салдыр-салақтықты ешкім мойнына алғысы келмейді. Ал, оны тазалап, қалпына келтіруге талпынып жатқандар тағы жоқ.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу