Израиль мигранттарға қатысты келісімді тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль мигранттарға қатысты келісімді тоқтатты

03.04.2018

Израиль африкалық мигранттарға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі агенттігімен арадағы келісімді тоқтатты. Бұл туралы премьер-министр Биньямин Нетаньяху мәлім еткен.

Дүйсенбі күні ғана қол қойылған құжатқа сай, еврей мемлекетіндегі мигранттардың 16 мыңнан астамы Еуропа елдеріне қоныс аударып, тағы бір бөлігі Израильде заңды түрде қалуы тиіс еді.

Енді үкімет басшысы бүгін Ішкі істер министрімен бірге босқындардың дені тұратын Тель-Авивтің оңтүстік аудандарына барып, ары қарай қандай шара қолға алынатынын шешеді.

Айта кетсек, Израильдің келісім шарттарын орындаудан не себепті бас тартқаны белгісіз.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу