Трамп: Енді мигранттарға қатысты қатаң саясат жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп: Енді мигранттарға қатысты қатаң саясат жүргізіледі

02.11.2017

АҚШ президенті Дональд Трамп иммиграциялық бағдарлама бойынша грин-карта ойнатылатын лотереяны жабамын деп отыр. Ол мұндай шешімге Нью-Йорктегі Манхэттен терактісінен кейін келді. Америкалық президент шабуыл жасағанды «хайуан» деп атап, оны елге кіргізбеу керек еді деп мәлімдеді. Трамп әкімшілік жиналысында грин-карта бағдарламасы тезірек жабылуы тиіс және енді мигранттарға қатысты қатаң саясат жүргізіледі деп сөйледі.

Ал, 1990 жылдан бастап ойнатылып келген грин-карта бағдарламасын жабу үшін АҚШ Конгресінің рұқсаты алынуы керек екен.

Еске салсақ, жақында Өзбекстан тумасы Нью-Йоркте Манхэттен ауданында көпшілікті көлікпен қағып, сегіз адамды мерт қылып, 11-ін жаралаған. Тексеру кезінде терактіні ұйымдастырған азамат Құрама Штаттарына грин-карта ұтып алғаннан кейін көшіп келгені белгілі болды.  

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу