Израиль ымыра туралы келіссөз жүргізуді тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль ымыра туралы келіссөз жүргізуді тоқтатты

11.08.2014
Израиль ымыра туралы келіссөз жүргізуді тоқтатты

Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху тығырыққа тірелген ымыра туралы келіссөздерді ары қарай жүргуді тоқтата тұруды шешкен. Себебі, оның сөзінші палестиналық содырлар Израиль территориясына зымыран ұшыруды әлі тоқтатпаған.

Израильдің премьер-министрі бұл ойын Каирде өтіп жатқан келіссөздер кезінде айтқан.

Газа секторындағы ымыра жұма күні аяқталған. Содан кейін Израиль әуеден бомбалауды қайтадан бастаған болатын.

Палестиналық биліктің сөзі бойынша, жексенбі күні Газада үш адам қайтыс болды. Олардың арасында бір жеткіншек пен әйел бар.

Хабарламаларға жазылу