Үндістанда храм құлап, 11 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда храм құлап, 11 адам қаза тапты

31.03.2023

Үндістанда храм құлап, 11 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Мадхья-Прадеш штатының Индоре қаласында болған. Жергілікті ANI телекомпаниясының хабарлауынша, апат кезінде тұрғындар үндінің «Рам Навами» фестиваліне жиналып, мінәжат етіп отырған. Дегенмен 19 адам құтқарылды. Олардың біреуі хал үстінде жатыр. Ғибадатханының бір қабаты неліктен қирағаны белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу