Ол жемқорлыққа барды, қызметін жеке мүддесі үшін асыра пайдаланды деп айыпталып отыр.
«Монд» газетінің хабарлауынша, экс-лидер кассациялық соттың жоғарғы лауазымды қызметкері Жильбер Азиберден құпия ақпаратты алуға тырысқан. Және де сол мәліметті бергені үшін Саркози Азиберді Монако князьдығында беделді қызметке орналастыруға уәде етіпті. Бұған дәлел ретінде айыптаушылар Саркозидің телефон әңгімелерінің жазбаларын ұсынып отыр.
Күдіктілер қатарында экс-президентпен бірге Азибердің өзі де және Саркозидің адвокаты болуы мүмкін.
Айта кетсек, Саркозиге наурыздың 21-де Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафиден 2007 жылғы президенттік сайлауға қаржылай көмек алды деген айып тағылды.
Мадина МҰҚАНОВА