Ресей АҚШ дипломаттарын елден шығарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей АҚШ дипломаттарын елден шығарады

30.03.2018

Мәскеу АҚШ-тың Санкт-Петербургтегі бас консулдығын жауып, 60 америкалық дипломатты елден шығарады. Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров баспасөз мәслихатында жариялаған. Атап айтқанда, Құрама Штаттардың Мәскеудегі елшілігінің 58 қызметкері мен Екатеринбургтегі бас консулдығының екі жұмысшысы персона нон-грата болып жарияланды. Олар Ресейден сәуірдің 5-не дейін кетуі тиіс. Ақ үй болса, «Ресейдің дәл осылай жауап қайтаратынын күткен едік», - дейді.

Ал, Мемлекеттік департамент америкалық дипломаттардың шығарылуын ақтайтын жағдай жоқ және Ресей өзін жапа шегуші ретінде ұстамауы тиіс деп мәлімдеді.

Ресейдің АҚШ пен Батыс арасындағы қатынастарына сызат түсуіне ресейлік бұрынғы шпион Сергей Скрипальдың Ұлыбританияда улануы себеп болып отыр. Лондонның пікірінше, бұл іске Мәскеудің қатысы бар.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу