Диегомен бірге аңдарды құтқар! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Диегомен бірге аңдарды құтқар!

12.07.2015
Диегомен бірге аңдарды құтқар!

Ит тұмсығы батпайтын ну орманда аңдар мен құстар түрлі жағдайға душар болуы мүмкін. Сол сәтте оларға үнемі көмекке келетін мейірімді бала бар. Ол – Диего.

Қашанда қиындыққа тап болған аңдардан көмегін аямайтын Диего және оның достары фотоаппарат Клик пен Қоржын бұл жолы да сапарға аттанбақ.

Клик көмекке шақырған аңды тауып берсе, Қоржында көмекке қажеттінің бәрі бар. Тағы бір дос леопард-теңбілшер жолда кездескен тапсырмаларды орындайды.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 11:30-да «Алға, Диего» мультфильмін көріңіздер.

Хабарламаларға жазылу