Екібастұз вагон жасау зауыты үш жылда 4 мыңға жуық вагон шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұз вагон жасау зауыты үш жылда 4 мыңға жуық вагон шығарды

28.10.2014
Екібастұз вагон жасау  зауыты үш жылда 4 мыңға жуық вагон шығарды

Екібастұздағы «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС іске қосылған үш жыл ішінде 4 мыңға жуық вагон шығарды.

Қазір кәсіпорын өндірісті әртараптандырудың кешенді жобасын іске асырып жатыр.

Яғни, теміржол саласына қажетті өнім түрлерін көбейтпек. Жыл соңына дейін 1402 вагон жасап шығаруды жоспарлап отыр. Қазір зауытта 600-ден аса адам еңбек етеді. 

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу