Екібастұз-вагон зауыты өз жұмысын қайта бастауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұз-вагон зауыты өз жұмысын қайта бастауы мүмкін

15.11.2017

Соңғы екі жылдан бері тоқтап тұрған Екібастұз-вагон зауыты өз жұмысын қайта бастауы мүмкін. Өйткені, ішкі нарықта жүк вагондарына деген сұраныс бар. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз жиынында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының президенті Оралхан Құлақов мәлімдеді. Оның сөзінше, елімізде дәл қазір 130 мың жүк вагоны бар. Бұл ел аумағы үшін жеткілікті. Бірақ, тауарды экспорттау жолы ұзарып, жүк көлемі артып келеді.

Мысалы, бұрын көмір ең ұзағы мың шақырымға дейін тасымалданды. Қазір Балтық елдеріне дейін жетіп отыр. Бұрынғыдай 1 млн емес, 4 млн тонна көмір мыңдаған шақырымға барады. Тіпті, Тынық мұхиты жағалауына дейін жол ұзарды. Ол бағыттағы сұраныс - 2,5 млн тонна.  

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу