Бүгін - Ресейде қаралы күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Ресейде қаралы күн

28.03.2018

Бүгін бүкіл Ресей бойынша Кемероводағы өрттен қаза тапқандарды жалпыұлттық аза тұту күні. Алайда, көптеген қалаларда ресейліктер кешке кештен бастап, құрбандарды еске алу акцияларына жинала бастады. Мәселен, Мәскеудің орталығындағы Манеж және Пушкин алаңдарына мыңдаған адам жиналып, өрттен опат болғандарды еске алып, гүл қойды. Шараға келген адамдардың барлығы да, бүкіл жұрттың қабырғасын қайыстырған апатты естіген соң, үйлерінде отыра алмағандарын айтады. Алаңға жиналған халық сонымен қатар, биліктен өртке байланысты қозғалған қылмыстық істі соңына дейін жеткізіп, кінәлі адамдардың қатаң жазалауды талап етті. Ресейдің барлық шаһарларында мұндай еске алу шаралары әлі де жалғасып жатыр. Ал, қаралы күнге байланысты бүгін елдегі телеарналар ойын-сауық бағдарламаларын тоқтатып, ғимараттардағы мемлекеттік тулар төмен түсірілді.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу