Брюссель таксистері Uber қызметіне қарсы шеру ұйымдастырып, көшелерді бөгеп тастады. Сондықтан, шамамен 300-дей көлік сағатына небәрі 20-30 шақырым жылдамдықпен жылжып жатыр. Осы жағдайға байланысты қалада кептелістер басталған.
Ереуілшілерді қолдау үшін Бельгия астанасына Франция, Швейцария және Ұлыбританиядағы әріптестері де барған.
Манифестанттар Uber-дің жүргізушілерін жосықсыз бәсеке үшін айыптап отыр. Себебі, тарифтері төмен болғандықтан, клиенттердің дені солардың қызметін таңдайды екен.
Брюссельдік таксистердің сөзінше, Uber-ге де салық көтерілуі керек.
Uber - 2009 жылы негізі қаланған автомобильдік тасымалдаушы компания. Оның штаб-пәтері Американың Сан-Францискосында орналасқан және бұл кәсіпорын қазір әлемнің 100-ден астам қаласында қызмет етіп жатыр.
Мадина РАХЫМБЕК