Израиль полициясы Нетаньяхудан коррупциялық іске байланысты жауап алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль полициясы Нетаньяхудан коррупциялық іске байланысты жауап алды

26.03.2018

Израиль полициясы премьер-министр Бенджамин Нетаньяхудан коррупциялық іске байланысты жауап алды.

Үкімет басшысы елдің ең ірі телекоммуникациялық компаниясы «Безек Телекоммен» заңсыз мәміле жасады деген күдік бар. Дәлірек айтсақ, Нетаньяху осы компанияның мүддесін заң шеңберінде қолдауға келіскен. «Безек Телеком»  болса сол үшін өз бақылауындағы танымал интернет-ресурста премьер-министрдің жұмысын мақтайтын мақалалар жариялауға келіскен.

Бұл іске байланысты Нетаньяхудың жұбайы мен ұлы да полиция алдында жауап бермек. Сонымен қатар, Израиль премьері тағы 2 коррупциялық іс бойынша күдікке алынып отыр.      

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу