Израиль полициясы палестиналықтарды күшпен таратты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль полициясы палестиналықтарды күшпен таратты

17.01.2020

Бүгін Израиль полициясы Иерусалимдегі әйгілі әл-Акса мештінің жанына жиналған палестиналықтарды күшпен таратты. Бұл шеру Көне қалада жұма намазы аяқталғасын басталған. 

«Хамас» және «Фатх» қозғалыстары еврей мемлекетін «қасиетті жерлерді бүлдірді, масқаралады» деп айыптап отыр. Алайда, Израиль тәртіп сақшыларының сөзінше, палестиналықтар нәсілшілдік ұрандарын көтеріп, қоғамдық тәптіпті бұзған. 

Мұсылмандар үшін қасиетті саналатын «әл-Акса» Шығыс Иерусалимде орналасқан. Израиль бұл ауданды 1967 жылы басып алды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу