Кемерово қаласындағы сауда орталығында болған өрттен 37 адам қаза тапты
Ресейдің Кемерово қаласындағы ойын-сауда орталықтарының бірінен өрт шығып, 37 адам ажал құшты. Тағы 50-ге таяу кісі жарақат алған. Оларға қазір медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ал, Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, тағы 64 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында. Олардың арасында ондаған бала бар.
Тілсіз жаумен күрес 16 сағаттан астам уақыт бойы жалғасып жатыр. Бірнеше сағат бұрын мамандар сыртқа шыққан. Себебі, ғимарат бұзыла бастады.
Билік өкілдерінің айтуынша, өрт балаларға арналған кермесеріппе бассейні немесе кинотеатр жанында қысқа тұйықталудан шыққан болуы керек.
Мадина РАХЫМБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теміртауда «Таза ойындар» экологиялық жарысы өтті
20.08.2026, 17:35
Жетісу омарташылары 130 тоннадан аса бал өндіреді
20.08.2026, 17:31
СҚО-да дәндік жүгеріні өсіруді қолға алды
20.08.2026, 17:29
Атыраулық диқандар 50 мың тоннадай өнім жинады
20.08.2026, 17:27
Өскеменде қоқыс шығаруды цифрлық жүйемен бақылайды
20.08.2026, 17:25
Гарри ханзада мен жұбайы Меган еліне оралады
20.08.2026, 17:22
Бұрынғы мультимиллиардер қалған өмірін түрмеде өткізеді
20.08.2026, 17:20
Фельдшер Ұ.Мырзуан ісі: Жәбірленуші тарап тыңдалды
20.08.2026, 17:17