Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың бірлескен әскери жаттығулары өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың бірлескен әскери жаттығулары өтеді

20.03.2018

Оңтүстік Корея мен АҚШ жыл сайынғы бірлескен әскери жаттығуларды сәуірдің 1-де қайта бастауға уағдаласты. Бұл турасында Корея Республикасының Ішкі істер министрлігі мәлімдеп отыр.

Тараптар ауқымды соғыс ойындарын Пхёнчхандағы Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындарға байланысты тоқтатқан болатын.

Маневрлар бұрынғыдай Корея Халықтық Демократиялық Республикасы жағалауына жақын жерде өтеді. Сондықтан, Солтүстік Корея армиясына олардың ұйымдастырылатын мерзімі жайында ескерту жіберілген.

Алдағы жаттығуларға 17 мың америкалық және 300 мыңдай кореялық сарбаз қатысады.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу