Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады

08.02.2024

Мемлекет басшы Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына кезектен тыс өткен сайлаудағы айқын жеңісімен телефон арқылы құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудағы дауыс беру қорытындысы Ильхам Әлиевтің Әзербайжанды одан әрі нығайтуға, елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және ауқымды реформалары бүкілхалықтық қолдауға ие болғанын анық көрсеткенін атап өтті. Өз кезегінде Әзербайжан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, бауырлас Қазақстанмен арадағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдете беруге ниетті екенін жеткізді.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу