Дональд Трамп демократтарды төменгі палатаға өткен аралық сайлаудағы жеңісімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп демократтарды төменгі палатаға өткен аралық сайлаудағы жеңісімен құттықтады

07.11.2018

АҚШ президенті Дональд Трамп демократтарды төменгі палатаға өткен аралық сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Демократтар соңғы сегіз жылда алғаш рет мұндай басымдыққа ие болып отыр. Дегенмен, республикалықтар Сенатта бұрынғы орындарын сақтап қана қоймай, оларды көбейткен.

Демократтар Конгресстің төменгі палатасын бақылауға ала отырып, Трамп әкімшілігінің заңға қайшы әрекеттерін тергеп, Ақ үй басшысының жоспарлары мен бастамаларына тосқауыл қоя алатын күшке айналып отыр.

Тағы бір мәліметке қарағанда, бұл сайлауда 100-ден астам әйел жеңіске жеткен. Солардың ішінде екі мұсылман әйел алғаш рет Конгресске өтті.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу