Қытайдың Гуйчжоу провинциясында шие ағашы гүлдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Гуйчжоу провинциясында шие ағашы гүлдеді

19.03.2018

Қытайдың Гуйчжоу провинциясында шие ағаштары гүлдеп жатыр. Олардың көркіне зеңгір таулар мен тұнық су ерекше сән қосып тұр.

Көз тартарлық құбылысты тамашалауға наурыздың 9-нан бері Гуйчжоуға 200 мыңдай адам барған екен. Олардың қатарында жүздеген мың турист бар.

Шие ағашынан бөлек, мұнда шабдалы, өрік және басқа да жеміс ағаштары бүршік атып жатыр. Ал, көктем басталғалы туристердің есебінен жергілікті экономикаға мол кіріс түсіпті.  

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу