Италияның Ивреа қаласында «Апельсин шайқасы» басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияның Ивреа қаласында «Апельсин шайқасы» басталды

13.02.2018

Италияның Ивреа қаласында апельсин шайқасы басталды. 3 күндік карнавалға қатысушылар 2 топқа бөлінеді. Олардың бірі – жаяу жүретін қарапайым адамдар, екіншілері арбаға мінген ортағасырлық ақсүйектер екен. Екі жақ бір-біріне апельсин атып жарысады. Олар бұл цитрустық жемісті қатты лақтыраны соншалық, фестиваль кезінде 180 адамдай жараланған. «Шынымды айтсам, қатысуға қорқып тұрмын, өткен жылы мұнда менің досымның апельсин тигеннен бір көзі шығып кетті»,- дейді жас италиялықтардың бірі.

Томирис АБИШЕВА

Хабарламаларға жазылу