«Астана Опера» Италияның Генуя қаласында өнер көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» Италияның Генуя қаласында өнер көрсетеді

30.12.2014
«Астана Опера» Италияның Генуя қаласында өнер көрсетеді

«Астана Опера» театрының балеттік труппасы көне «Карло Феличе» театрының әйгілі сахнасында (Генуя) алғаш рет өнер көрсетеді, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

Шетелдік көрермен назарына Арам Хачатурянның «Спартак» спектаклі әлемдік хореографияның асқан шебері Юрий Григоровичтің қойылымында 21, 24, 25 және 27 қаңтарда ұсынылады.

Сондай-ақ елордалық театр «Гала балетінің» мазмұнды бағдарламасын алып барады.

 «Мұндай әйгілі театрдан шақырту алу – үлкен құрмет. Алдымызда жауапты міндет тұр. Ол – Қазақстан өнерін Италия көрермендеріне лайықты деңгейде көрсету. Біз Қазақстанға және соның ішінде біздің театрымызға келуге қызығушылығы оянатын жаңа табынушыларға қол жеткіземіз деп үміттенеміз», – дейді «Астана Опера» балетінің көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Нұрқалиев.

 

Фото: astanaopera.kz

Хабарламаларға жазылу