Италияның Генуя қаласында «Абай» операсы қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияның Генуя қаласында «Абай» операсы қойылады

02.02.2018

Еуропаның ең белді сахналараның біріндегі қойылымды қос елдің өнерпаздары бірігіп ұйымдастырады. Бұл туралы бүгін «Астана Опера» театры директорының бірінші орынбасары Төлеубек Альпиев айтты. Былтыр ел театрлары көптеген халықаралық фестивальдерге қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Жергілікті көрермендердің де ыстық ықыласы сезілуде. Әрбір қойылымға билеттер толықтай сатылып кетеді. Оған электронды жүйе өз септігін тигізуде. Дегенмен, бүгінде отандық театрлар білікті кадрлар тапшылығын сезінуде. Мәдениет ордаларына тәжірибелі режиссерлер жетпейді. Ал, халықаралық деңгейде өнер көрсету үшін кейбір опера әншілерін шетелден шақыртуға тура келіп тұр. Сол себепті, елордада әлемге танымал классикалық бағыттағы әншінің вокал академиясын ашу жоспарланып отыр.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу