АҚШ-та импичмент мәселесі бойынша тыңдалым басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та импичмент мәселесі бойынша тыңдалым басталды

14.11.2019

АҚШ Конгрессінде импичмент бойынша көпшілік алдында тыңдау басталды. Өкілдер палатасындағы демократтар президент Дональд Трамптың Украинаны Америкадағы сайлауға тарту жоспарын дәлелдегісі келеді. Ақ үй басшысына қарсы Мемлекеттік департамент дипломаттары мен президент әкімшілігінің қызметкерлері куәгерлік етеді. Ал республикалықтар тыңдалымды Трампты биліктен тайдыруға бағытталған әрекет деп атады.  

Бұл дау Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен биыл шілдеде телефонмен сөйлескеннен кейін басталды. Демократтарға сенсек, сол әңгімеде Трамп Зеленскийге өзінің саяси қарсыласы Джо Байден мен оның ұлының Украинадағы істерін тергеу туралы қысым жасаған. Алайда Құрама Штаттар жетекшісі мұны жоққа шығарып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу