Бүгін Хельсинкиде Трамп пен Путин кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Хельсинкиде Трамп пен Путин кездеседі

16.07.2018

Бүгін Финляндия астанасы Хельсинкиде АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның ресейлік әріптесі Владимир Путин кездеседі. Болжамдарға қарағанда, олар ядролық қару санын қысқарту, Американың Ресейге қарсы санкциялары, Украинадағы жағдай, Сириядағы соғыс мәселелерін талқылайды.

Мәскеу мен Вашингтон әлемдік аренада көптен бері тайталасып келеді. Ал, осы кездесу алдында 12 ресейлік азамат Құрама Штаттарда 2016 жылы өткен президенттік сайлауға араласты деп айыпталды. Алайда, Трамптың ойынша, екі державаның қатынастары ешқашан мұнша жаман болған жоқ. Ол АҚШ пен Ресей байланыстарының нашарлауына кейбір америкалық саясаткерлер кінәлі.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу