Путин президенттікке кандидат болып тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Путин президенттікке кандидат болып тіркелді

07.02.2018

Ресейдің қазіргі мемлекет басшысы Владимир Путин президенттікке кандидат болып тіркелді. Мұны бүгін Ресейдің Орталық сайлау комиссиясының өкілдері мәлімдеді. Айта кетсек, солтүстіктегі көрші елде президенттік сайлау биылғы наурыздың 18-де өтеді.

Онда Путиннің оңай жеңіске жетіп, төртінші рет мемлекет басшысы атанатындығына күмәнданатындар аз. Өйткені, халықтың басым бөлігі Путин Кеңес одағы құлағаннан кейін берекесі кеткен Ресейді қалпына келтірді, Мәскеудің халықаралық сахнадағы ықпалын арттыра түсті деп есептейді. Владимир Путин биыл 65 жаста. Алдағы сайлауда оның бәсекелестері қатарында «ЛДПР» партиясының жетекшісі Владимир Жириновский мен танымал тележүргізуші Ксения Собчак болуы мүмкін.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу