Илон Маск ғарышқа автомобиль жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илон Маск ғарышқа автомобиль жіберді

07.02.2018

АҚШ әлем бойынша ең қуатты зымыранын ұшырды. «Falcon Heavy» ракетасы ғарышқа жалғыз емес, өнертапқыштың спорттық қызыл автомобилін де ала кетті. Жоспар бойынша өзгелерге қарағанда екі есе ауыр жүк көтеретін бұл зымыран жергілікті уақытпен сағат 13:30-да Кеннеди ғарыш айлағынан көкке самғады. Ол Илонның жеңіл машинасын эллиптикалық орбитаға апарып, онда әуен шырқалады деп ойластырылған. Сонымен қатар, ғарышқа жол тартатын «темір тұлпарға» үш бақылау камерасы орнатылған. Илонның сөзіне сенсек, бұл автомобиль орбитада миллиондаған жылдарға қалуы мүмкін.   

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу