Елордада ақылы автотұрақтың ауданы 10 есеге өсуі мүмкін

16.10.2020

Көлік тұрағы кеңістігі компаниясы жобаның қазір әкімдік қарауында жатқанын жеткізді. Автотұрақтан түсетін кірістің үлесі келешекте 25%-ке дейін өседі дейді мамандар. Қазіргі тарифке сәйкес, 500-ге жуық автотұрақтан шамамен 175 млн теңгеге дейін жылдық табыс түседі. Енді автотұрақтың аумағы кеңейтілетін болса кіріс 1,8 млрд теңгеге жетуі мүмкін. Ал ақылы тұраққа уақытында ақшасын төлемегендерге салынған айыппұл 500 млн теңгеден асқан.

Ақерке Бектас



ақылы автотұрақ

Хабарламаларға жазылу