Түркияда Трамптың Таяу Шығыс жоспарына қарсы шерулер өтті

29.01.2020

Түркияның Стамбул, Анкара қалаларында АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыс жоспарына қарсы шерулер өтті. Оларға жүздеген адам қатысты. Осыған байланысты жергілікті полицейлер қауіпсіздік шараларын күшейткен. 

Трамп жоспарына сәйкес, Иерусалим бөлшектенбей, Израильдің астанасы болуы тиіс. Ал болашақ Палестина мемлекетіне Шығыс Иерусалимнің шеткері ауданы ғана берілмек. Бірақ сол жердегі қасиетті орындар да Израильдың бақылауында қалады. Вашингтон Батыс жағалаудағы жауланған территорияларға заңсыз салынған еврей қоныстарын да Израильге тиесілі деп мойындауға дайын.

Стамбул көшесіне шыққан демонстранттардың бірінің ойынша, Трамп Израильді сонша жақсы көрсе, оған Америкадан жер беруі керек.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу