Италияда пойыз апатынан 100-ге жуық адам жараланды
Италияда пойыз жолдан тайып, кемінде екі адам қаза тапты. Жараланғандар саны 100-ге жуықтап отыр. Апат бүгін Милан қаласының маңында болды. Қазір құтқарушылар вагондарда қалып қойған бірнеше адамды шығаруға күш салып жатыр. 10 кісі ауыр халде госпитальге түскен.
Жолаушылар пойызы елдің солтүстігіндегі Кремона қаласынан Миланға кетіп бара жатып, рельстен тайып кетті.
Италияда тұрғындар теміржолшыларды вагондары үнемі кір, адам толық, әрі кешігіп келеді деп жиі сынайды. Дегенмен, бүгінгі апаттың себебі әзірге белгісіз.
Айта кетсек, бұл мемлекетте 2009 және 2016 жылдары болған екі пойыз апатынан 60-қа жуық адам жан тәсілім етті.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18