Солтүстік Корея спортшылары Қысқы ойындарға дайындалу үшін оңтүстікке барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея спортшылары Қысқы ойындарға дайындалу үшін оңтүстікке барды

25.01.2018

Солтүстік Кореяның шайбалы хоккейден әйелдер командасы мен ресми делегациясы алдағы Қысқы ойындарға дайындалу үшін Оңтүстік Кореяға барды. Ақ  Олимпиада ақпанның 9-да Пхенчханда ашылып, оған екі Корея түбектің ортақ туымен қатысады. 

Солтүстік  Корея ойындарға бас-аяғы 22 спортшысын жіберуге келісті. Олардың арасында хоккейшілермен бірге мәнерлеп сырғанаушылар, конькишілері және шаңғышылары да бар. Сонымен қатар, Олимпиадаға Солтүстік Кореяның 140 музыканттан тұратын оркестрі мен жанкүйерлері барады.

Айта кетсек, 1953 жылдан бері бұл екі мемлекет ресми түрде бір-бірімен соғысып жатқан елдер санатында. Ал, 1988 жылы Пхеньян Сеул Олимпиадасына бойкот жариялағаны белгілі.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу