Солтүстік Корея Қысқы Олимпиадаға спортшыларын жіберетін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея Қысқы Олимпиадаға спортшыларын жіберетін болды

09.01.2018

Солтүстік Корея ақпанда Оңтүстік Кореяда өтетін Қысқы Олимпиадаға спортшыларын жіберетін болды. Екі жақ мұндай мәмілеге бүгін басталған келіссөздер нәтижесінде келді. Айта кетсек, Пхеньян мен Сеул арасындағы келіссөздердің бірінші раунды шекарадағы Пханмунджом деген «бейбітшілік ауылында» жалғасып жатыр. 

2015 жылдан бергі алғашқы кездесудің басты тақырыбы -  екі елдің қатынастарын жақсартуға бағытталған іс-шаралар. 

Тараптар бұл басқосуға 5 адамнан жіберген. Келіссөздерге Оңтүстік Корея  делегациясын Бірігу істері бойынша министр, ал, Солтүстік Корея өкілдерін Бейбіт жолмен бірігу жөніндегі комитет төрағасы бастап барды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу