Солтүстік Корея әртістері Сеулге барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея әртістері Сеулге барды

22.01.2018

Солтүстік Корея әртістерінің Сеулге сапары жалғасып жатыр. Олар бүгін жергілікті Ұлттық театрге барды. Бұл делегация ақпанның 9-да Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ашылатын Қысқы Олимпиадада өнер көрсетеді. Екі мемлекет арасында осы мәселеге қатысты келіссөздер шекарада өтті. Оның нәтижесінде Солтүстік Корея алдағы Ойындарға 22 атлетін жіберетін болды. Олар спорттың 8 түрінен жарысқа түседі. Мұны Халықаралық Олимпиада Комитетінің өкілдері мәлімдеді.

Пхеньян ядролық және зымырандық сынақтар өткізгені үшін қазір қатаң халықаралық экономикалық санкцияға алынып отыр. Сарапшылардың пікірінше, оның Оңтүстікке Олимпиада қарсаңында делегат жіберуі - үлкен дипломатиялық жетістік.

 

Арыстан РЫСБЕК 

Хабарламаларға жазылу