Токиода қалың қар темір жол қатынасын тежеді
Жапония астанасы Токиода қалың қар жауып, темір жол қатынасы тежелді. Соңғы деректерге қарағанда, екі күн ішінде 700 жол апаты тіркеліп, әуежайда 380 рейс кейінге қалған. Шамамен 60-тан астам адам түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен. Орталық аудандарда қардың қалыңдығы 23 сантиметрге жетті. Бұл жапондықтар үшін күнде бола бермейтін жағдай. Жергілікті билік 4 жылда алғаш рет қалың қар жайлы тұрғындарға ескерту жасады. Мамандар басып қалған ақ ұлпаны тазартып үлгермей жатыр. Кейбір жолдар әлі жабық тұрғандықтан, қаладағы дүкендерде тамақ қымбаттай бастады.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Испаниялық танымал журнал Шымбұлақ пен Медеуді жоғары бағалаған
20.01.2026, 10:26
Мемлекеттен грант алған актер мобильді театр ашты
20.01.2026, 10:24
36 мыңнан аса талапкер ҰБТ тапсырды
20.01.2026, 10:24
СҚО-да 25 адамнан «гонконг тұмауы» анықталды
20.01.2026, 10:23
Өзбекстан билігі жазасын өтеушілерге ерекше жеңілдік жасамақ
20.01.2026, 10:22
Тегеран тұрғындары бейбіт шеруге рұқсат сұрап жатыр
20.01.2026, 10:21
Еуропаға виза алу жеңілдемек
20.01.2026, 10:21
Мерзімді әскери қызметтегі азаматтарға несие берілмеуі мүмкін
20.01.2026, 10:20