Жапония қалың қардың астында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония қалың қардың астында қалды

17.02.2014
Жапония қалың қардың астында қалды
  Жапонияда сенбіге қараған түні мыңдаған отбасы қалың қардан  үйлеріне қамалып қалды. Сидзуока префектурасындағы Ояма кентінде өз үйлерінде 3000 адам сыртқы шыға алмаған. Қазір қорғаныс бөлімдерінің күшімен жолды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Алайда кентке қазір тек арнайы көлік қана жете алады.
 
1200 адам Яманаси префектурасындағы Хаякава кентінде қамалып отыр. Гумма префектурасында Наммоку таулы кентінде тұрып жатқан 1130 отбасының сыртпен байланысы үзілген. Токио мегаполисінің құрамына енетін екі елді мекенде шамамен 1300 адам үйлерінен шыға алмай қалған. Жексенбі күні олар арнайы қызметтен көмек сұраған. Жолды қардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
 
Қардың көп түсуінен Жапонияның тас жолдарында, атап айтқанда, Нагано префектурасында 900 автокөлік жолда қалды. Осы демалыс күндері Жапонияға тағы да қар қалың түсті. Токиода жауған қардың қалыңдығы - 27 сантиметр, Яманаси префектурасының басты қаласы - ел астанасынан бастысқа қарай 130 шақырым жерде орналасқан Кофуде - 114 сантиметр, Токиодан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан Фукусимада - 36 сантиметр, Сендайда - 29 сантиметр қар жауған.
 
Жапонияның 29 префектурасында қардың қалың түсуінен 17 адам қайтыс болған, 1550 адам түрлі деңгейдегі жарақат алған, деп жазады inform.kz

Хабарламаларға жазылу