Солтүстік Корея лидері Қытайға барды

01.04.2018

Осы аптаның басты әлемдік сенсациясы - Солтүстік Корея лидерінің күтпеген жерден Қытайға баруы. Жалпы, Ким Чен Ын өзгергенге ұқсайды. Бұрынғыдай томаға-тұйық, есікті ішінен тарс кілттеп, бүркеніп жатпайды. Ол Қысқы Олимпиаданы пайдаланып, Оңтүстікке делегат жіберді, аймақты ядролық қарудан тазартуға уәде етті, тіпті Америка президентімен кездесуге де қарсы емес. Халықаралық санкциялар жанына бата бастады ма, әлде айлакер Ақ үй мен кірпігінен қырау тамған Трамп соншалықты қауіпті ме? Әйтеуір Ким жолдас қазір басқа. Бірақ, оған сене қою да қиын. Өйткені, оның атасы да, бабасы да кезінде талай рет атомдық бағдарламадан бас тартуға сөз берген еді. Ал, санкциямен қорқытқан қасқыр елдер қазір Пхеньянда жаппай қырып-жоятын арсенал бар деп отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу