Бельгияда тұрғын үйде болған жарылыстан 2 адам қаза тапты

16.01.2018

Бельгияда тұрғын үйде болған жарылыстан 2 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды. Тағы 5 азамат ауыр халде жатыр. Естеріңізге сала кетейік, кеше түнде елдің солтүстігіндегі Антверпен қаласындағы тұрғын үйде жарылыс болып, 3 ғимарат қирады. Құқық қорғау қызметкерлері «бұл теракт емес, жарылыс тұрмыстық газдың сыртқа таралып кетуінен болуы мүмкін деп болжауда. Арнайы құрылған комиссия мүшелері қазір апаттың себебін анықтауға кірісті. Оқиға орны қоршауға алынған. Құтқарушылар үйіндінің астында тағы да азаматтар болуы мүмкін деп іздестіріп жатыр.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу