Жаңаөзендегі жарылысқа қатысты сараптама қайта жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзендегі жарылысқа қатысты сараптама қайта жасалады

30.05.2023

Жаңаөзендегі тұрғын үйде болған газ жарылысына қатысты екінші мәрте сараптама тағайындалды. Алғашқы зерттеудің де қорытындысы шыққан, бірақ жәбірленуші тарап онымен келіспейді. Сараптаманың нәтижесі қандай?

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Әзірге бұл сұраққа жауап ала алмадық. Себебі құзырлы орган сұхбат беруден үзілді-кесілді бас тартты. Жалпы қылмыстық істі тергеу барысында кешенді техникалық сараптама тағайындалған. Алайда оның нәтижелерімен жәбірленуші тарап өкілдері келіспейтінін айтқан. Соған байланысты жәбірленуші тараптың дәлелдерін ескере отырып, қайта сараптама тағайындау туралы шешім қабылданған.

Еске салайық, 17-сәуір күні Жаңаөзен қаласында газ жарылып, 4 пәтер жермен-жексен болған еді. Төтенше оқиғаның салдарынан 6 адам қаза тапты. Тағы 11 тұрғын зардап шекті. Баспанасыз қалған 9 отбасына үй берілді. Бүгінгі таңда науқастарға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне шығарылды. Тек жарылыстан үйінді астында қалып, омыртқасы зақымданған 23 жастағы әйел сал болып қалды.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу