Грузияда өткен президенттік сайлауда Саломе Зурабишвили жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грузияда өткен президенттік сайлауда Саломе Зурабишвили жеңіске жетті

29.11.2018

Грузияда өткен президенттік сайлаудың екінші турында Саломе Зурабишвили жеңіске жетті. Елдің Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бюллетендердің 100 пайызы саналып бітті. Оның нәтижесіне бойынша, тәуелсіз кандидат 59,52 пайыз дауыс жинаған. Ал, оның оппоненті, Батыспен байланысты нығайтуды жөн санайтын «Күш – бірлікте» оппозициялық қозғалысының өкілі Григол Вашадзені сайлаушылардың 40,48 пайызы қолдаған.

Францияда дүниеге келген экс-дипломат Зурабишвилиді биліктегі «Грузия арманы» партиясы құптап отыр. Зурабишвили Мәскеумен, Батыспен қарым-қатынастарды бірге дамытуға жақтас. Дегенмен, бұған дейін ол ресейшіл көзқарасы үшін сынға ұшыраған еді.

Саломе Зурабишвили Грузияға 2003 жылы барып, 2004 жылы елдің сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Жаңа президентті ұлықтау рәсімі желтоқсанның 16-да өтпек. Ал, Вашадзенің жақтастары дауыс беру кезінде заңбұзушылықтарға жол берілгенін айтып, наразылық акциясына шығуға үндеп жатыр. Бұл бастаманы қолдағандар қатарында республиканың экс-президенті Михаил Саакашвили де бар.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу