Әлемде мигранттардың саны 49 пайызға артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде мигранттардың саны 49 пайызға артты

20.12.2017

Әлем халқының 3,4 пайызын халықаралық мигранттар құрайды. Мұндай деректі БҰҰ келтіріп отыр. Адамдар көбінесе Үндістан мен Мексикадан кетіп, АҚШ-қа баруға тырысады екен. Соңғы 17 жылда мигранттардың саны 49 пайызға өскен. Бұған қарулы қақтығыстар ғана емес, жаһандану процесі де себепші болып отыр. Айта кетсек, БҰҰ бұл баяндамасын Халықаралық мигранттар күніне орай жариялап отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу