Биылғы жылы өрттен келген шығын көлемі 1 миллиард теңгеден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы жылы өрттен келген шығын көлемі 1 миллиард теңгеден асты

16.07.2014
Биылғы жылы өрттен келген шығын көлемі 1 миллиард теңгеден асты

Елімізде өрт оқиғасы былтырғымен салыстырғанда 18 пайызға артты. Өткен жылы дала өрті  934 гектарды жалмаса, биыл 19 мың 898 гектар аумақ  күлге айналған.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері айтты.

Орман өрті де өршіп тұр. Өткен жылы жалпы саны 108 өрт тіркелсе, биыл 250 рет қызыл жалын өшірілді.

Мамандардың айтуынша, «тілсіз жаудың» себептері күннің қатты ысуынан және адамдардың салғырттығынан.

Жаз айларында орманға барып демалатындар саны артады. Олар тек табиғаттың көркем бейнесін тамашалап қоймай, от жағып, сұлу жердің көркін қашырады.

Әзірге министрлік тарапынан тәртіпсіздерді тезге салу тетігі қарастырылмаған екен.

Мейрамбек Қайсанов,  ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті Мемлекеттік өрт бақылау және анықтау басқармасының бастығы:

2014 жылдың өткен кезеңінде республикада 7256 өрт шығып, материалдық шығын 1 миллиард 549 миллион 691 мың теңгені құрады. Өрт саны 2013 жылмен салыстырғанда, 18 пайызға көбейді. Бұл ретте материалдық шығын 18 пайызға төмендеді. Адам өлімі 23 пайызға қысқарды. Өрттен жарақат алғандар саны 19 пайызға артты.

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу