Италияда тасқынға байланысты жүздеген адам көшірілді
Италияның солтүстігінде толассыз жауын тасқынға ұласып, жүздеген адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Апаттан, әсіресе, елдің Эмилия-Романья провинциясы көп зардап шекті. Бұл аймақта Энца және Парма өзендері арнасынан шығып, көптеген аудандарда көшелерді су басып, көлік қозғалысы қиындады.
Халыққа көмекке ондаған құтқарушы мен ауыр техника тартылып отыр. Кейбір адамдарды үйлерінен тікұшақпен эвакуациялауға тура келді. Жергілікті метеорология қызметінің болжамына қарағанда, мұндай жауын біренеше күнге созылуы мүмкін. Сондай-ақ, елдің орталығында да тасқын болуы ықтимал. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теміртауда «Таза ойындар» экологиялық жарысы өтті
20.08.2026, 17:35
Жетісу омарташылары 130 тоннадан аса бал өндіреді
20.08.2026, 17:31
СҚО-да дәндік жүгеріні өсіруді қолға алды
20.08.2026, 17:29
Атыраулық диқандар 50 мың тоннадай өнім жинады
20.08.2026, 17:27
Өскеменде қоқыс шығаруды цифрлық жүйемен бақылайды
20.08.2026, 17:25
Гарри ханзада мен жұбайы Меган еліне оралады
20.08.2026, 17:22
Бұрынғы мультимиллиардер қалған өмірін түрмеде өткізеді
20.08.2026, 17:20
Фельдшер Ұ.Мырзуан ісі: Жәбірленуші тарап тыңдалды
20.08.2026, 17:17