Мысырда 50 мумия жерленген ежелгі мола табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мысырда 50 мумия жерленген ежелгі мола табылды

04.02.2019

Мұны елдің Тарихи жәдігерлер министрлігі мәлімдеді. Марқұмдардың денелері жақсы сақталған. Қабір Каирдің оңтүстігіндегі Минья провинциясында 10 метр тереңдікте табылды. 50 мумияның 12-сі - балалар. Олардың кейбіреуі зығыр матаға оралып, тас немесе ағаш саркофагқа салынған. Зират - Птолемей дәуіріне қарасты. Бұған қоса, жерленгендер орта тап өкілдеріне жатса керек. Қазба жұмыстары кезінде археологтар мумиялармен бірге жерлеу бетперделері мен керамикалық бұйымдарды да тапты.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу