Мысыр археологтары бір жыл бұрын табылған қабірді көпшілікке көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мысыр археологтары бір жыл бұрын табылған қабірді көпшілікке көрсетті

19.04.2019

Мысыр археологтары бір жыл бұрын табылған қабірді көпшілікке көрсетті. Осыған дейін онда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Луксор қаласының батыс жағалауынан табылған кесененің 3500 жыл тарихы бар. Ол - ең үлкен қабірлердің бірі.

Көлемі 450 шаршы метрге тең  моланың 18 қақпасы бар және де ол фараондардың 18-ші әулеті кезінде өмір сүрген ақсүйекке тиесілі болуы мүмкін. Бұдан бөлек, археологтар Ежелгі Грекия тарихының ерте кезеңіне жататын тағы екі қабірдің анықталғанын мәлімдеді. Олардың ішінен саркофагтар, мүсіндер мен жерлеу бетперделері табылған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу