Ұлыбританияның Камбрия және Уэльс аймақтарын су басты

23.11.2017

Ұлыбританияның Камбрия және Уэльс аймақтарында толассыз жауған нөсер тасқынға ұласып, көшелерді су басты. Жолдар өзенге айналып, көлік қозғалысы да, теміржол қатынасы да қиындады. Бірер сағат бұрын түскен деректерге қарағанда, пойыздар кестесі бұзылғандықтан, көптеген жолаушы жергілікті Престон станциясында отыруға мәжбүр.

Синоптиктердің болжамынша, Камбрия аймағында жауын бірнеше күнге созылуы ықтимал. Ал, Шотландияның солтүстігінде қар жауып, қалыңдығы 20 сантиметрге жетуі мүмкін.    

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу